Қарағанды облысында бір күнде екі бала терезеден құлап кетті. Балқаш пен Сәтбаев қаласындағы биік үйлердің терезесінен балалар құлап түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балқаш қаласында 3 жастағы бала екінші қабаттың терезесіне құлап, жарақат алды. Бала бірден ауруханаға жеткізілді, қазіргі таңда қажетті ем-домдарын алып жатыр.
Ал Сәтбаев қаласында сегіз жастағы бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен. Оның алған жарақаты ауыр, қазіргі таңда жансақтау бөлімінде емделуде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі ата-аналарды балаларын көзден таса қылмауға шақырады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, балалардың жиі жаралануы немесе негізгі өлімінің себебі ата-ананың қадағалауынсыз қалуынан екенін айтады.