• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Сәуір, 2021

Анталиядан Қазақстанға репатриациялық рейстер ұйымдастырылады

152 рет
көрсетілді

Түркияда эпидемиялық ахуал нашарлауына байланысты 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сондықтан осы аптада «Эйр Астана» әуекомпаниясы Анталиядағы жолаушылар үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырады. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркия билігі репатриациялық рейстерді орындауға рұқсат берген.

«Репатриациялық рейстер сәрсенбіде Анталиядан Алматыға және жұма күні Анталиядан Нұр-Сұлтанға орындалады», делінген хабарламада.

Айтпа кетейік, әуе компаниясы тоқтатылған рейстердің жолаушыларын хабардар етеді және жолаушылар билет ақшасын сатып алған жері бойынша толық қайтарып ала алады немесе тарифтегі айырмашылықты қосымша төлей отырып, өз билеттерін басқа күндер мен бағыттарға қайта брондай алады.