Венесуэла мен Колумбияның шекарасында қақтығыстан 8 сарбаз қаза тапты. Әскерилер ел аумағына заңсыз өтпек болған қылмыстық топ мүшелерімен атысқан, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оқиға жайлы Венесуэланың Қорғаныс министрі жергілікті телеарна арқылы хабарлады. Қақтығыс 3 күнге созылған. Жарақат алған жауынгерлер де бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз.
- Өкінішке қарай, ұландарымыз Отанымызды шекарадан заңсыз өткен колумбиялық қылмыстық топтардан қорғау жолында құрбан болды. Еліміздің аумағына басып кіруге ниетті қаскүнемдерге қарсы тұрамыз, - деді Венесуэланың қорғаныс министрі Владимир Падрино.