• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Мамыр, 2021

Қырғыз-тәжік шекарасы: Қырғыз Президенті 1-2 мамырды аза тұту күні деп жариялады

749 рет
көрсетілді

Қырғызстан Президенті Садық Жапаров Қырғыз Республикасында 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері деп жариялаған құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Кабар ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

29-30 сәуір күндері Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс орын алды. Оқиға  салдарынан көптеген сарбаз қаза тапты, арасында бейбіт тұрғындар бар сондай-ақ, зардап шеккендердің де саны көп.

«Осылайша қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын және қаулы етемін:

-Қырғызстан Республикасында 2021 жылдың 1 және 2 мамыр күндері ұлттық аза тұту күні деп белгіленсін;

-Ұлттық аза тұту күндері елдің бүкіл аумағында, сонымен қатар шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелерде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік туы түсірілсін;

-Мәдениет мекемелері және телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күндері ойын-сауық шаралар мен бағдарламаларды таратпау ұсынылсын;

-Қырғыз Республикасының үкіметіне жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге  тиісті көмек көрсетілсін», деді Қырғыстан Президенті.

Қырғыз елінің Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, қарулы қақтығыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 154 адам зардап шеккен.