• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Таным 01 Мамыр, 2021

Елорда әкімі кәсіпкерлерді ағаш отырғызуға шақырды

216 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланы көгалдандыру жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап

«Елордамыз жыл сайын көркейіп келеді. Бұрын батпақ, қараусыз қалған жерлер «жасыл аралдарға« айналып жатыр. Биыл 1 миллионнан астам, яғни рекордтық көлемде жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т. б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызамыз.

 Бұл жасыл «оазис« қаласын құруға мүмкіндік береді. Қаланың барлық аудандарында соңғы бірнеше апта бойы «Бірге - таза Қазақстан« экологиялық айлығы өтіп жатыр. Бүгін «Астана Балет« маңындағы аумақта ағаш отырғызуға қатыстым. Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық мүшелерімен бірге Нұр-Астана мешітінің жанына ағаш отырғыздық, сондай-ақ әріптестерімізбен бірлесіп, ботаникалық бақта ағаш отырғыздық.

Бұл жұмыстарға қала тұрғындары мен еріктілер белсенді қатысуда. Алғыс айтамын!», деді Көлгінов.