• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2021

Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды

303 рет
көрсетілді

Маңғыстауда жүк көлігі газ құбырын соқты, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға бүгін сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Бесшоқы» тұрғын үй орамына кірер жолда болған. Ауыр техника тиеген арнайы жүк тасымалдаушы көлік жоғары қысымды газ құбырын соғып, 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен.

Апатты оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы «Бесшоқыдағы» ауыр жүк көлігінің газ құбырына соқтығысқан апат орнына барды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жедел-жәрдем, ҚазТрансГазАймақ мекемесі тиісті шараларды қолданды. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Аудан әкімі ҚазТрансГазАймақ мекемесінің қызметкерлеріне 5 мыңға жуық отбасы ертеңге дейін көгілдір отынсыз отыра алмайтынын ескертіп, жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.