Футболдан Қазақстан чемпионатының тоғызыншы тур ойындары Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Петропавловск, Шымкент, Орал және Нұр-Сұлтан қалаларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Көш басындағы «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» айласын асырды – 2:0. Бұл кездесудегі екі доп та бірінші таймда соғылды. Ол голдардың авторлары – Марин Томасов пен Валерий Чуперка.
«Атырау» өз алаңында «Каспийді» қапы қалдырды – 2:1. Қостанайда «Тобыл» «Тараздың» қақпасына жауапсыз үш доп салды – 3:0.
Келесі күн алғашқы болып «Қызылжар» мен «Қайрат» жасыл алаңға шықты. 28-минутта Денис Поляков нысананы дәл көздеп, алматылықтарды алға шығарды. Бірақ «Қызылжардың» ойыншылары дп қарап қалмады. 75-минутта Әлібек Қасым таразы басын теңестерді.
Шымкентте «Ордабасы» мен «Тұран» шеберлік байқасты. Бұл матчта қонақтардың мерейі үстем болды. 30-минутта соғылған жалғыз доптың авторы Темірлан Әміров.
Аса шиеленісті ойын Оралда өтті. «Ақжайықтың» сұрмерегені Николай Ковталюктің жет-тригіне «Жетісудың» жігіттері екі голмен ғана жауап қайыра алды – 3:2.
«Шахтер» мен «Қайсар» арасындағы «Астана-Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жарыс кестесінде «Астана» жеке-дара көш бастап тұр. Елордалық клубтың қоржынында 23 ұпай бар. Екінші орындағы «Тобылдың» олардан төрт ұпайы кем. Үшінші сатыға жайғасқан «Тараздың» еншісінде 17 ұпай бар.