• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші қағып кеткен кісі қайтыс болды

1147 рет
көрсетілді

Өткен айда Көкпекті ауданындағы «Көкпекті – Васильев өткелі» автожолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алған.

– 35 жастағы автокөлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы жаяу жүргінші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, – деді облыстық Полиция Департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. Аталған факті бойынша (ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі, 3-бөлігі) мас күйде көлік басқарып, адамды мерт қылғаны үшін және (ҚР ҚК-нің 347-бабы) жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.