Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевке Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалған азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Сапарұлы Өтегеновты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек жолын Казталов ауданы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт профилактикасы тобының инспекторлығынан бастаған. 1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі және 2001 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында әртүрлі қызметтер атқарған.2011-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.2019 жылғы ақпан айынан бүгінге дейін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарып келді.