• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Мамыр, 2021

Өзбекстанда 1 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

369 рет
көрсетілді

Өзбекстанда вакцинация  асталғалы бері корнавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін 1 миллионнан астам адам алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 6 мамырдағы мәліметтері бойынша елде 1 009 510 адам екпе салдырған, олардың 32 533-і вакцинаның екінші дозасын алған. Республиканың басқа өңірлері арасында вакциналау бойынша Ферғана облысы көш бастап тұр. Мұнда 128 838 адам егілген. Рейтингіде келесі орындарға 118 093 адам екпе салдырған Андижан облысы, 108 560 тұрғыны вакциналанған, кейінгі орындарда Наманган облысы мен 99 736 азамат егілген Самарқан облысы жайғасқан.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда екпе егу науқаны1 сәуірде  басталды. Тұрғындарды вакциналаумен қамту біртіндеп кеңейтілуде, сәуір айында ірі қалаларда жүргізілсе, мамыр айында аудан орталықтары мен ірі қалаларда, ал маусымда – ауылдық жерлерде жалғасады.

Вакциналау үш препарат – еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек тараптары бірлесіп шығарған ZF-UZ-VAC2001 және Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы арқылы жасалып жатыр. Үш айдың ішінде Өзбекстан 4 миллионнан астам адамға екпе салуды жоспарлап отыр.