• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2021

Қызылордада 52 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына енді

262 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Палата директоры «Ashyq» жобасы арқылы жұмысын жүргізуге ниетті кәсіпкерлер қатарының артып келе жатқандығын жеткізді.

«5 мамырдағы ақпарат бойынша облыс көлемінде 52 кәсіпкерлік нысан QR код алған. Олардың 26-сы тесттік режимнен сәтті өткен, қалған 25-і жұмысын тесттік режимде жүргізуде. Аталмыш нысандардың ішінде басымдық қоғамдық тамақтану саласында, 34-і «Ashyq»-қа енді», - деді Ғалымбек Жақсылықов.

Мұнан өзге, 8 компьютерлік клуб, 2 бассейн, 2 кинотеатр, 2 спа-орталығы, 2 бильярд, 1 боулинг және 1 сауна да «Ashyq» жобасы аясында жұмыс жасау жөнінде шешім қабылдапты. «Ashyq» әсіресе қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер үшін тиімді болып отыр.  

Палата басшысы «Ashyq» жобасына енген кәсіпкерлердің бірқатар артықшылықтармен жұмыс жасайтындығын, жалпы жобаның жұмыс жасау механизмін түсіндіру мақсатында қалалық және облыстық мониторингтік топ мүшелері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі жөнінде хабардар етті.