• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Мамыр, 2021

Илон Масктің Starship ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

1740 рет
көрсетілді

Илон Маск басқарған американдық SpaceX компаниясы алыс ғарыш сапарына, соның ішінде Ай және Марсқа ұшуға арналған ғарыш кемесін жасауда маңызды қадам жасады, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Starship кемесінің прототипі, SN15 кемесінің ұшырылуы сәтті өтті. Ол әуелі 10 шақырым биікке көтеріліп, одан кейін Техастағы ғарыш айлағына қонды.

Starship-ті бұған дейінгі төрт сынағы әртүрлі себептермен сәтсіз өткен. Ғарыш кемесі қонар кезде не әуеде жарылған. Оның прототипінің бірі сәтті қонды, алайда көп ұзамай өрт шығып, жанып кетті. SN15 ұшырылымы проблемасыз өтті. Кеме метанмен жұмыс істейтін Raptor қозғалтқышының көмегімен берілген әуеге көтерілді. Одан кейін қозғалтқыштары өшіріліп, аппарат көлденең қалыпқа өтіп, төмендей бастаған.

SpaceX жоспарына сәйкес, болашақта ғарыш кемелері ғарыштан Жерге дәл осылай оралады. Ұшудың соңғы кезеңі – зымыран көлденеңнен басқа қалыпқа аударылды, қонуы да жоспарға сәйкес өтті. Алаңдауға бір ғана себеп болған – Жерге қонар кезде, кемеден өрт шықты. Алайда жалын тез сөндірілді. Американың НАСА ғарыш агенттігі Starship жобасына үлкен қызығушылығын танытып отыр, себебі дәл осы SpaceX астронавттарды Айға жеткізетін кемелерді шығару құқығына ие болған. Болашақта Илон Масктің компаниясы сондай-ақ Марсқа арнайы миссияларды аттандырмақ, Starship планетааралық сапарда бортына 100 адамға дейін алып кете алады деген үміті бар.