Оқиға 11 Мамыр, 2021

Ақтауда жол апатынан 3 көлік өртеніп кетті

2484 рет
көрсетілді

Ақтауда 11 мамырға қараған түні ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, апат 11 мамырда 9-шағынаудандағы автожолда болған.

«Infiniti автокөлігінің жүргізушісі Toyota Prado және Ваз-2112 автокөліктерімен соқтығысты. Салдарынан үш көлік те жанып кетті. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», деді полиция өкілдері.