• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Мамыр, 2021

Доллар бағасы өсті

1172 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 9 мамыр кешімен салыстырғанда 0,30 теңгеге өскен.

АҚШ валютасының орташа бағамы 427,27 теңге болды. Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы: 1 доллар үшін - 426,99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 428,71 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,19 теңгеден.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 428, 10 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,80 теңге.