• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Медицина 12 Мамыр, 2021

Hayat-Vax қандай вакцина?

1375 рет
көрсетілді

Елімізде күннен-күнге Covid-19 індетіне қарсы вакцина салдырып жатқан жұрттың қатары көбейіп келеді. 11 мамырдағы дерек бойынша 1 698 893 адам вакцина салдырды. Ерікті түрде жүргізіліп жатқан вакциналау кезінде азаматтарға қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген вакциналарды таңдауға да мүмкіндік қарастырылды. Қазақстанда өткен аптадан бастап ресейлік Спутник V мен отандық QazVac-қа қоса қытайлық Hayat-Vax вакцинасы да қолжетімді бола бастады. Әзірге халық Hayat-Vax туралы мәліметке толық қаныға қоймағандықтан, мұны салдырғандар да некен-саяқ.

Денсаулық сақтау ми­нистр­­лі­гінің Санитария­лық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізге алғашқы пар­тиясы жеткізілген қы­тайлық вакцинаға қатысты жан-жақты ақпарат жариялады. Тарқатып айтсақ, бұл Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы – белсенділігі жойылған коронавирус инфекциясына қарсы вакцина. Аталған препарат Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Hayat-Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жыл­дың 9 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді. Вакцина Қытайдан басқа елде, БАӘ-де өндіруге мақұлданды. Бүгінгі таңда бұл вакцинаның 50 млн-нан аса дозасы әлемнің 34 мем­ле­кетіне қолдануға жі­беріл­гені белгілі.

Hayat-Vax вакцинасын әзір­­леуде бұрыннан дәлел­ден­ген, белсенділігі жойыл­ған вак­цина жасау технология­сы қолданылады. Осы техноло­гияның көмегімен вирус ағзада қорғаныс ан­ти­де­нелерін түзу қа­біле­тін сақтай отырып, жойы­лады. Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымының мәлі­мет­­тері бойынша инактив­тел­ген вакциналардағы адъю­ванттардың зиянсыз екені дәлелденді. Адъюванттар инак­­­тив­ті вакцинаның құра­мын­дағы қосалқы заттар ре­тін­­де иммундық жүйені ын­­та­лан­ды­рады және орга­низм­дегі им­му­нитеттің ұзақтығына ықпал етеді.

Hayat-Vax Sinopharm вак­цинасының негізінде әзірленген. Ал бұл вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Аргентина, Бах­рейн, Мысыр, Марокко, Пәкіс­тан, Перу және БАӘ елдерінде өткі­зілді, оған 68 мыңнан аса адам қатысты.

Қазіргі кезде бұл вакци­на­ның бүкіл әлемде 10 млн-нан аса дозасы қолданылған және ешқандай жағымсыз жағдайлар тіркелмеген. Қол­жетімді және аралық нәти­желерге сүйенсек, вакци­наның COVID-19 инфекциясына қарсы тиімділігі 79,3%, аурудың орташа және ауыр жағ­дайларының алдын алуда тиімділігі 100% көрсеткіші дәлел­денген.

Hayat-Vax вакцинасын тек 18 жастан асқан аза­мат­тар ғана салдыра алады. Ал вакцинаның кез келген компонентіне ауыр­ аллер­гиялық реакциясы­ бар адамдарға және осы вак­­ци­наның алдыңғы дозасын енгізгенде бойынан ал­лергиялық реакция бай­қалғандарға екпе сал­дыруға болмайды. Сондай-ақ ғылыми-зерттеулерде жүкті және бала емізетін әйелдер үшін вакцинаның қауіпсіз екені дәлел­денгенге дейін оны қол­дануға кеңес берілмейді.

Елімізде қолжетімді болып тұрған үш вакцинаның қай-қайсысы болсын қауіпсіздігі мен тиімділігі әбден зерттеліп, тексерілген. Дегенмен бұлардың бір-бірінен артықшылығы мен кемшілігі халықтың қызы­ғу­­шылығын тудырып отыр­ғаны анық. Бұл ретте біз сөз етіп отырған Hayat-Vax вакци­на­сы­ның қазақстандық QazVac-пен ұқсас екені жиі айтылады. Осындай пікірді медицина ғы­лымдарының докторы Ләззат Ералиева да білдірді.

«Жалпы, вакциналарды бір­дей деуге болады. Екеуі де – инактивтелген вакцина. Олар­дың құрамында SARS-CoV-2 вирусының өлтірілген штамы бар. Құрамы да, адъю­вант­тарының, белсенді зат­та­рының болуы да бірдей. Жалғыз айыр­машылығы – қазақстандық вак­цинаның сақтау мерзімі 6 ай болса, қытай вакцинасын 12 ай сақтауға болады. Екі вакцинаның техникалық детальдарында да болмашы айырмашылық бар. Ал көрсетілімі, қарсы көр­сетілімі бірдей деуге болады. Тиімділігіне қатысты айтар бол­сақ, отандық ғалымдардың мә­лімдемелеріне сәйкес, қазақ­стандық вакцинаның тиімділігі 90 пайызды құрайды. Дегенмен қытайлық вакцинаның тиімділігі де осы шамада», деді Л.Ералиева.

Hayat-Vax вакцинасы бас­қа инактивтелген вакциналар сияқты +20С-ден +80С-ге дейінгі температурада сақталады және тасымалданады. Бұл облыс­тар мен қалаларға тасымалдау­ды және таратуды, сондай-ақ медициналық ұйымдарда сақ­тауды жеңілдетеді.

«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакциналау үшін 1 млн доза мөлшерінде Hayat-Vax вакцинасының партиясын сатып алды. «Sinopharm» компаниясы вакцинасының бұл партиясы бірыңғай дистрибьютордың хаб­тарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг кон­­тингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Содан қал­ғаны халықты вакциналауға қолданылады. Компания мәлі­меті бойынша қызметкерлер түгел вакцина салдырғанның өзінде 400 мың вакцина артылады екен.

Бүгінде Hayat-Vax өңірлерге жөнелтіліп жатыр. Айталық, Нұр-Сұлтан қаласының Қоғам­дық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Тимур Мұратов елордаға аталған пре­параттың 7400 дозасы жет­кі­зілгенін, оның 6 мамырдан бас­тап тұрғындарға салына бас­тағанын хабарлады.