• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

Қарағандыда заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

310 рет
көрсетілді

Қарағандылық браконьерлер 200 келіге жуық балықты заңсыз аулаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 мамырда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының ПБ-нің қызметкерлері Балқаш көлі аймағында рейдтік іс-шаралар өткізді. Тәртіп сақшылары су қоймасының жағасынан 300 метр қашықтықта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ УАЗ автокөлігін байқаған. Автокөлік жолсыз жермен жүріп, «Екатеринбург-Алматы» тас жолына өтпек болған.

Полиция 30 жастағы ер адам басқарған күдікті көлікті тоқтатқанда, көліктің ішінде 59 және 50 жастағы тағы екі жолаушы болған.

Тексеру барысында полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 200 келіге жуық әр түрлі балық түрлерін тапты. Келтірілген шығын мөлшері 800 мыңнан астам теңгені құрайды.

ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.