• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Мамыр, 2021

Оралда 45 жастағы әйелді көлік қағып кетті

364 рет
көрсетілді

Оралда көлік қағып кеткен әйел адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, оқиға 11 мамыр күні сағат 12.00 шамасында болған. «Шкода Октавия» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Исатай-Махамбет көшесі бойында халыққа қызмет көрсету орталығы маңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 1976 жылғы әйелді қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан әйел ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 12.09-да шақырылып, бригада 5 минуттан кейін жеткен.

Алдын ала мәліметке қарағанда, әйел ашық бас-ми жарақатын алған. Өкшесі, оң жақ жіліншігі сынған. Зардап шегуші облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.