• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Мамыр, 2021

Таиландқа барған туристер жарна төлейтін болады

333 рет
көрсетілді

Таиланд үкіметі 2022 жылдың қаңтарынан бастап шетелдік туристерге алым енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алым мөлшері 300 бат (4110 теңге) болады. Бұл туралы Bangkok Post газеті Таиландтың туризм және спорт министрі Пипат Ратчакитпраканға сілтеме жасап жазды.

Оның айтуынша, қаражат төтенше жағдай кезінде пайдалану үшін туристік қорға түседі. Бұл шара коронавирустың таралуы салдарынан қолға алынды. Министр қордан алынған ақша туристік салаға болашақтағы күтпеген кедергілерді жеңуге көмектесетінін жеткізді.

Ратчакитпракан егер Таиланд 2022 жылы 20,8 миллион турист тарта алса, қор 6,2 миллиард батқа толықтырылатынын айтты. Алайда, биыл үкімет елге тек 3-4 миллион саяхатшыны тартуды жоспарлап отыр.