• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Аида Балаева Қостанайға жұмыс сапарымен келді

216 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қостанайға жұмыс сапары барысында облыстық телеарнаның 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты. Басқосу барысында телеарнаның 14 тілшісі Министрліктің құрмет грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева  одан кейін облыстық телеарна ғимаратына барып, журналистердің жұмыс жағдайымен танысты.   

«Филиалдардың дамуы қашанда облыс басшылығына байланысты мәселе. Осы тұрғыдан алғанда сіздер жолы болған ұжымсыздар. Облыстық телеарна биыл 60 жылдық белесті бағындырып отыр. Баршаңызды мерейтойларыңызбен құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін! Қостанай телеарнасы ел көлемінде алғашқылардың бірі болып телехабар таратудың цифрлық жүйесіне көшті. Алдағы уақытта әлі талай табысқа қол жеткізетіндеріңізге сенемін», деді Аида Балаева.

Министр телеарна ардагері Владимир Марардың омырауына «Еңбек ардагері» төсбелгісін тақты. Ал байланыс маманы Мұрат Молдахметовке «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды.  

        

Қостанай облысы