• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 13 Мамыр, 2021

Қайырымдылық– қайырлы іс

646 рет
көрсетілді

Қайырымдылық – мұсылман баласының ең басты парызының бірі болып саналатындығы анық.

Рамазан айының соңғы күні, яғни мамырдың 12-сі Ағашорын ауылдық округінің имамы Амантай қажы Кәкімовтың және ауылдағы қалталы азаматтардың мұрындық болуымен Ағашорын және Ұзынсу ауылындағы көпбалалы, сонымен қатар тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Шара басында Амантай қажы тұрғындарды Рамазан айымен және келіп жеткен Ораза айт мерекесімен құттықтап, 26 отбасына азық-түлік салынған қоржындарды тарту етті. Одан әрі көп балалы отбасылар киім-кешек түрлеріне де ие болды.

Ауыл тұрғындары осындай қайрымдылық іс-шарасын өткізген ауыл имамына ризашылықтарын білдіріп, көмек қолын аямаған ауылдың атқа мінер ел азаматтарына да зор ықыласын жеткізді.

Ақылбек Қызкенов