• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тарих 15 Мамыр, 2021

Атырауда майдангер Айдын Айбаров өмірден озды

547 рет
көрсетілді

Атырау қаласында бүгін Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Айдын Айбаров 100 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Майдангердің жасы биыл жүзге қарап еді. Ғасыр жасаған ақсақал былтыр тың болатын. Өткенде ғана Жеңіс күнімен құттықтай барғанда, сәл сырқаттанып жатқан еді... Айдын ақсақал от пен оқтың ортасынан оралған соң бар ғұмырын елдің дамуына арнады. Лауазымды қызметтер атқарып, жастарға үлгі-өнеге көрсетті. Бар тілегі -Тәуелсіз елінің мәңгі болып, ұрпағының бейбіт өмір сүруі болатын. Сіздің ерлігіңіз, өрлігіңіз, ғибратты ғұмырыңыз тарих болып жазылды. Ел жадында жаңғыра береді! Бақұл болыңыз, халықтың ардақты ұлы», деп жазды Facebook парақшасында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айдын Айбаров 1921 жылы 16 қазан күні мақат ауданы Доссор поселкесінде дүниеге келген. Өз еркімен майданға аттанып, Чкалов пен Пермдегі ұшқыштар даярлайтын училищелерде оқып шығады. Бітіргеннен кейін 49 ұшқыштар полкында, 956 авиациялық полкында барлаушы ұшқыш болады.

Соғыстан кейін Белоруссия мен Пруссияны азат етуге қатысып, елге 1947 жылы оралады. Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Туған жеріне капитан шенін алып келгеннен кейін  еңбек жолын облыстық  «Социалистік Құрылыс» (бүгінгі «Атырау») газетінде әдеби қызметкер болып жалғастырады. Кейін қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарып, бірнеше кәсіпорынның партия қызмететріне жетекшілік етіп, өңірдің дамуына көп күш-жігер жұмсап, атсалысты.  Биыл Атырау облысындағы Жеңіс күнін екі ардагердің қарсы алып отырғанын жазған болатынбыз. Былтыр ғана олардың саны сегіз болатын.