Ақтөбе облысына қарасты Алға ауданында 11 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Кеше сағат 16:00 шамасында жазатайым оқиға тіркелді. Алға ауданында 11 жастағы бала суға батып кетті.
«Болжам бойынша 3 бала доп қуып ойнаған. Сол кезде доп өзенге домалап, біреуі суға түскен. Ағысқа қарсы тұра алмаған бала батып кетті. Балалардың айқайын естігін куәгерлердің бірі оны 2,20 метр тереңнен алып шығып, алғашқы медицинадық көмек көрсетті. Өкініштісі баланы құтқару мүмкін болмады», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.