• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2021

Бекіреге қойылған белгі

1206 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірде Жанбай деп аталатын ауыл бар. Атыраудан Ресейдің Астрахань өңіріне қатынайтын күре жолдан қиыстау орналасқан. Оның тұрғындары күнкөрісін төрт түлікпен байланыстырып келеді. Балық аулаудан да шет қалмайды.

Ауыл әкімі Дидар Есмұха­новтың айтуынша, Жанбай ауылының іргетасы 1930 жы­лы қаланыпты. Сол кезде бір­не­ше колхоз балықшылары Кас­пий теңізінен балық аулап, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қос­қан. Жақында осы ауылда бра­коньерлердің «барымтасына» түсіп, қоры азайған бағалы бе­кіре балығына арнайы белгі қойылды.

– Сәулет нысаны ауылдық округ әкімдігінің тапсырысымен бой көтерді. Бекіре мүсініне қоса, төрт тақта орнатылды. Әр тақтада Нарын құмы, ашаршылық кезінде тұр­ғындардың аман қалуына сеп­тігі тиген құмаршық өсім­дігі, ауыл шаруашылығы сала­сының көріністері мен мұнай өндірісі бейнеленді. Бұл – ауы­лымыздың өткен тарихынан сыр шертетін белгі, – дейді Дидар Есмұханов.

Атырау облысы