Торонтода белгісіз біреу көлікке оқ жаудырған. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Белгісіз ер адам көліктен түсе салып, оқ атқан. Офицерлер атыстан зардап шеккен бес адамды анықтады. Олардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды», деп жазды құқық қорғау органдары Twitter-де.
Қарулы адам оқиға орнынан қара машинамен қашып кеткен.