Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме бергеніне қарамастан Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған.
Қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ телефон шалып құттықтауда», делінген Берік Уәлидің фейсбуктегі жазбасында.
Айта кетейік, Президенттің туған күніне орай құттықтаулар толассыз келіп жатыр.