Атырау облысының Махамбет ауданында жүк көлігінің көмір тиелген тіркемесі өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, жүк көлігінің тіркемесі кеше, 16 мамырда «Индер-Атырау» бағытындағы жолда, Ортақшыл ауылының тұсында өртенген.
Өртті сөндіруге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары тартылған. Жүк көлігінің «Ава Транс Логистик» компаниясына тиесілі екені анықталып отыр. Көліктің тіркемесіне тиелген көмірді Маңғыстау облысына жеткізу көзделіпті.
Жүк көлігінің неден өртенгенін анықтау басталды.