• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2021

Батыста 200 жас сарбаз ант қабылдады

705 рет
көрсетілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған 200 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ант беру іс-шарасы Атырау, Ақтөбе қалалары мен Маңғыстау облысының Бейнеу ауылындағы әскери бөлімде өткен.

«Әскери қызметке Алматы облысының Жаркент қаласынан келдім. Бөлімге келгеннен кейін әскери дайындық басталды. Ант бергенге дейін толқыған едік. Өйткені, әскери ант – әр жас сарбаз үшін ерекше әскери жоралғы, әскери қызмет басталатын жауапты әрі қызықты сәт. Бірақ, карантиндік шектеулерлерге байланысты біздің ант беру рәсіміне ата-анамыз қатысқан жоқ. Соған қарамастан, бәрі ойдағыдай өтті» дейді жас сарбаз Исламбек Еркімбеков.

Енді жас сарбаздар кіші мамандарды даярлау бағдарламасымен жауынгерлік дайындығын одан әрі жалғастырады. Олар артиллеристер, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар және басқа әскери маман ретінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерімен бір құрамда болады.