Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«QazVac вакцинасының екінші компонентін алдым. Біріншідегідей өзімді жақсы сезінудемін, ешқандай ауырсыну жоқ. Вакцина – пандемиядан тезірек шығудың жалғыз жолы. Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар», деді Қазақстанның бас дәрігері.