• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Мамыр, 2021

Елордада жоғалған екі жасар бала табылды

250 рет
көрсетілді

16 мамыр күні сағат 12.30 шамасында елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің жасағына шұғыл хабарлама келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы таратқан ақпаратта екі жасар баланың жоғалғаны айтылған.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Мадияр Тохтар, патрульші сарбаздар Жайық Рысқазы мен Ернұр Өмірбек хабарламаны алған бойда көрші жасақтарға да хабарлап, бірден іздеуге кіріседі.

Іздеу жұмыстары ұзаққа созылмай, жарты сағатта бала табылды.. Баланың ата-анасы қырағы қызметі мен жедел көмегі үшін Ұлттық ұлан әскери жасағына алғыс білдірді.