«Жолаушылар тасымалы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хаттарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр сағат 00.00-ден бастап жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жолаушылар пойыздың тоқтатылған тұрақтарына темір жол билеттерін және тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімде темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін ақша қаражатын ұстамай, толық көлемде қайтара алады.
Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы барлық ақпаратты «105» анықтамалық нөмірі арқылы білуге болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, коронавирустық індеттің таралуы кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.