• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2021

Ақылды су есептегіш құралдары орнатыла бастады

394 рет
көрсетілді

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылы Шымкенттегі кәсіпорындарға 3,7 мың ақылды су есептегіш құралдары орнатылмақ. Бұл туралы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшысы Анарбек Орман мәлімдеді.

 

Мекеме басшысының айтуынша, сумен жабдықтау және кәріз саласындағы өн­ді­рістік процестерде цифр­лан­­­­дыру жұмыстары қар­қын­­­ды жүргізілуде. Осы­лай­ша, жо­ба толықтай іске қо­сылса, ком­мерциялық құры­лым­дар­дың 86 пайызына адам фак­торының қатысуынсыз қызмет көрсетілетін болмақ.

«Алдағы 5 жылда бар­лық тұтынушыға ақыл­ды су есептегіштер орнату жоспарланып отыр. Бүгінде қаладағы 7 243 заңды тұлға­лардың 2,5 мың тұтынушысы элек­трон­ды басқару функциясы бар «IC-card» ақылды су есеп­тегішті пайдалануда», дейді мекеме басшысы.

Цифрлы технологиялар кә­сіпорын қызметінің барлық са­ласында қолданылатынын айт­қан серіктестік басшы­сының баяндауынша, цифрлан­дырудың нәтижесінде тұр­­ғындар суды үнем­дей бас­таған. Ал мекеменің ха­лыққа қызмет көрсету сапасы жоға­рылаған.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін Шымкент қаласының гео­­порталына барлық сала­ның мәліметтері бірегей фор­­­мат­та жи­налып, сумен, кәріз жүйе­сімен қамтамасыз ету жұмыстары жүз пайыз цифрлы форматқа көш­пек. Бұл өз кезе­гінде су жүйе­сіндегі ақаулар мен жөндеу жұ­мыс­тарын онлайн ба­қы­лап, сер­вистік қызметтің са­па­сын арт­тыруға көмек­тес­пек.

 

ШЫМКЕНТ