• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2021

Үш көліктегі ұя

1691 рет
көрсетілді

Теңіз кенішіндегі мердігерлік компания қызық жайтқа тап болды. Себебі көліктердің астына құстар ұя салыпты. Соған байланысты компания басшылары ұя табылған көліктерді 14 күнге тоқтатуға ұйғарым жасады.

– Тұрақта тұрған үш көліктің астынан құстың үш ұясы табылды. Компанияның биоалуантүрлілікті басқару жобасына сәйкес орнитолог тексеру жүргізді. Бір ұяда инку­бацияның белсенді сатысы бары анықталды. Көліктер балапандар қанаттанып, ұядан ұшып кеткенге дейін жұмысқа қосылмайды. Бұған кем дегенде 14 күн қажет, – деп мәлім етті «Теңізшевройл» компания­сы­ның баспасөз қызметі. Енді орнитолог құс ұясын жұ­мыртқа басу аяқтал­ғанша апта сайын тексереді. Екі ұядан құс жұмыртқасы табылған жоқ.

Атырау облысы