Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Жолт Неметпен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Мажарстанның парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандық дипломат Еуропалық кеңестің вице-президенті және оның жұмысына қатысатын мажар делегациясының басшысы болып табылатын сұхбаттасушысын елімізде жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар мен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, Ж. Немет Қазақстанды 30-жылдық тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.