• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2021

Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексерудің ережесі өзгерді

1370 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көлік құралдарын басқару құқығын алуға медициналық тексеруден өту ережелерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді жаңа тәртіп бойынша флюрографиядан өту міндетті болмайды.

Комиссия құрамына: терапевт, окулист, оториноларинголог, медициналық психолог не психолог және нарколог маман кіреді. Медициналық комиссия штатында мамандар болмаса комиссия құрамына медициналық ұйым басшыларының келісімі бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру тәртібі өзгертілді. Егер бұрын бұл тек қызмет беруші (медициналық ұйым) арқылы жүргізілсе, енді құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберу және алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті электрон форматта алу үшін жүргізуші куәлігін алғысы келетін адам порталда өтінім жасап, оған ЭЦҚ арқылы қол қоюы керек. Нәтижесі адамның «жеке кабинетіне» электрон құжат түрінде жіберіледі.