• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Мамыр, 2021

Белсенді азаматтарды қолдайды

110 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында саяси ұйымның өңірлердегі «қайта жаңғыруы» және Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы электораралық кезеңге қойған міндеттері туралы айтты.

Оның айтуынша, Nur Otan Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында жеңіске жеткен алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерін орындауға кіріскен. Осылайша, әрбір облыс, қала және аудан бойынша 217 егжей-тегжейлі жол картасы бекітілген. Олардың орындалуын жүйелі бақылау үшін 14 республикалық және 1738 өңірлік қоғамдық кеңес құрылды. Оған депутаттардан басқа белгілі қоғам қайраткерлері, сарап­шылар және журналистер кірді.

Партия Лидері Нұрсұлтан Назар­баев қойған міндеттерге сәйкес электоратаралық кезеңде Орта­лық аппараттың құрылымы оңтай­лан­дырылып, еліміз бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері мен филиалдары халықпен өзара іс-әрекет жасаудың проактивті форматына көшті.

«Елбасы айтқандай, Nur Otan «бір орнында тұрып қалмай», әрдайым жетіліп отыруы керек. Партия белсенді азаматтық ұстанымы, креа­тивті идеялары мен жобалары бар адамдарды біріктіріп, қолдауы тиіс. Сондықтан да сайлау барысындағы республикалық партияішілік прай­мериз Nur Otan партиясын жүйелі түрде қайта жаңғыртудың негізгі элементі болды.

Бүгінде, электоратаралық кезеңде партияның кадрлық әлеуетін күшейту бойынша жұмыстар белсенді түр­де жалғасуда. Өткен аптада облыс­тар, қалалар мен аудандардың бар­лық өкілді партия органдарына сай­лауы аяқталды. Nur Otan саяси кеңес­терінің құрамы өңірлерде 51%-ға жаңартылды», деді Бауыржан Байбек.

Ол келтірген ақпараттарға сүйен­сек, әйелдердің үлес саны 29-дан 35%-ға, 35 жасқа дейінгі жастар – 11-ден 22,5%-ға дейін өскен. Мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2 есеге, яғни 18-ден 9%-ға дейін төмендеді. Үштен бірінен астамы – үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, блогерлер, кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қызметкерлері. Әрбір екінші адам – өткен праймериздің қатысушысы.

Б.Байбек атап өткендей, Nur Otan-ның бүкіл бастауыш партия ұйым­дарының басшыларын (барлығы 4517) сайлау партияны жаңарту­дағы тағы бір елеулі қадам болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 566 мыңнан астам партиялық, яғни «бас­тауыш партия ұйымдары» бас­шыларының 20%-ы жаңарды, ал 80%-ы сенім мандатын қайта растады.

«Nur Otan-ның міндеті – тиімді партиялық-саяси күн тәртібін қалып­тастыру және жергілікті жер­лерде партиялықтардың жұмысын түбегейлі түрде күшейту. Бүгінгі күні барша нұротандықтарды ел Прези­денті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасын тиімді іске асыруға жұмылдыру маңызды. Атап айтқанда, өзекті мәселелерді ашық талқылау, халықпен «кері бай­ланысты» күшейту, азаматтық бастамаларды қолдау, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың тиім­ділігі мен ашықтығына жүйелі мониторинг жүргізу және басқа да мәселелерді қамтиды. Елбасы айтқандай, нұротандықтардың басты үш қағидаты – жауапкершілік, коман­далық рух, партия идеалдары мен құндылықтарына беріктік. Біз межеленген жоспарлар мен берген сайлауалды уәделеріміздің барлығын жұдырықтай жұмыла отырып, бірге жүзеге асыратынымызға сенімдімін», деп түйіндеді ол.