• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2021

Израиль мен Палестина келісімге келмеді

558 рет
көрсетілді

Израиль мен Палес­ти­на шиеленісі оныншы күні де жалғасты. Израиль енді нысанаға Хамас қолбасшыларының үйлерін алатынын мәлімдеді.

Израиль тарапы Хамас көшбасшысы Мұхаммед Диефті бірнеше рет өлтірмек болғанын мойындады. Үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху «Біз тоқтап қалмадық. Операцияның нысанын бақылауда ұстап отырмыз», деді. Ал Хамас басшысы болса, қарсы тараптың шабуылы жойқын әрі жиі екенін хабарлады. Бірақ палестиналықтардың талабы орындалу керек деген шартынан бас тартпады.

Соңғы дерекке назар салсақ, Газадағы қақтығыс 219 адамның өмірін қиған. Оның 100-і – әйелдер мен балалар. Израиль қайтыс болғандардың 150-і әскерилер деген хабар айтты. Ал Хамас болса, адам қазасына қатысты ақпарат бермеді. Аймақта жалпы саны 3 750 зымыран құлаған.

Израиль қорғаныс әскері басшысы Бриг Хидаи Хамас басшысын бірнеше рет нысанаға алғанын мә­лім­деді. Дегенмен, оның үнемі тасада жүретіні және ол туралы ақпараттың аздығы осы күнге дейін бір­неше операциядан аман шығуына сеп болған деседі.

Израиль қорғаныс әскері Хамастың 12 мыңға жуық зымыраны бар деген болжам айтады. Алайда сарапшылар бұл шиеленіс Хамасты бірнеше жылға артқа тастағандай әсер берді деседі.

«Қандай жағдай болсын алдағы күндері Хамас шиеленісте жеңіске жеткенін хабарламақ. Бұл не болса да барлығымыз үшін жақсы болмас», дейді премьер-министр.

Ең ауыры – қақтығысқа тек әскерилер емес, қарапайым халық та қатысып жатыр. Мәселен, сейсенбіде мыңдаған палестиналық «қасиетті мекенді қорғаймыз» деген ұранмен көшеге шықты. Олардың арасында кішкентай балалар да бар.