• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2021

Ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған Түркия депутаты марапатталды

115 рет
көрсетілді

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өткен наурыз айында ұшақта қазақстандық сәбиді құтқарған ТР Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Реджеп Шекерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамотасын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның Түркиядағы елшілігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімі Анкара қаласындағы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ғимаратында өтті. Іс-шараға Елші Абзал Сапарбекұлы, депутат Реджеп Шекермен бірге бірқатар депутаттар қатысты.   Елші Абзал Сапарбекұлы ұлы Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» сөздерін еске сала келе Реджеп Шекердің жасаған абыройлы әркетіне рақметін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстады.   Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атынан құрмет грамотасымен марапатталған Реджеп Шекер Мемлекет басшысына марапаты үшін терең алғысын білдірді. Президенттен алған Құрмет грамотасын қазақ халқынан алған алғыс ретінде қабылдайтынан айтты.   Депутат өз сөзінде осындай көрсетіліп отырған құрметтің алдағы уақытта бауырластыққа негізделген екі жақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сүбелі үлес қосуына түрткі болатындығына тоқталды.   Айта кеткен жөн, Реджеп Шекер – ТҰҰМ-нің Қараман қаласында сайланған депутаты. Қараман қаласы Түркияның маңызды сауда, мәдени және өнер орталығы. Әрі депутаттың дәрігерлік қабылеті де бар көрінеді.