• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 20 Мамыр, 2021

Бибігүл Төлегенова вакцина алғаннан кейінгі жағдайын айтты

14713 рет
көрсетілді

Халық әртісі Бибігүл Төлегенова вакцина алғаннан кейінгі жағдайын айтып берді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Бибігүл Төлегенова «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін де алған. Ол вакцинаның екінші дозасын 14 мамырда салдырғанын айтты.

«Мен 14 мамырда вакцинаның екіншісін салдырдым. Құдайға шүкір еш жерім аурыған да жоқ, ештеңе сезгем де жоқ», деді Бибігүл Төлегенова. 

Сондай-ақ танымал опера әншісі қазір елдегі жағдай қиын екенін айтып, бүкіл халықты жұмыла отырып вакцина алуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Бибігүл Төлегенованың «Спутник-V» вакцинасын салдырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы журналист Тұрсын Қалимова facebook-тегі парақшасында жазған еді.