Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Азамат Мәмбетовты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азамат Мәмбетов 1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Екі жоғары оқу орнынан жоғары білім алыпты. Атап айтқанда, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығымен бітірген.
Оның еңбек жолы 2006 жылы Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы «Ақтөбе-Геозем» мекемесінде кадр жөніндегі бас маман ретінде басталды. Кейін 2010-2011 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-құқықтық және кадр бөлімінде кадр ісі жөніндегі бас маман болып жұмыс істеді. Ал, 2011-2013 жылдары аталған басқарманың стратегиялық және бағдарламалардың құжаттар мониторингісі жөніндегі бөлімінде заңгер, 2013-2019 жылдары осы басқармада бөлім басшысы болған.
2019 жылдан бері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.