• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2021

Қаруды заңсыз сақтағандарға айыппұл салынды

284 рет
көрсетілді

Шығыстағы 15 116 азаматтық қару иелерінің 2197-сі, ал өткен тәулікте мекенжайы бойынша 504 азамат тексерілді. Тексеру кезінде заңсыз сақталған, тіркелмеген қарудың 16 бірлігі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талаптың орындалмауына байланысты 55 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтсақ, бірі қаруды заңсыз ұстаған, енді бірі рұқсатсыз құжатынсыз алып жүрген... Оның ішінде қайта тіркеу кезінде салғырттық танытқандар да бар. Айта кетсек, барлық әкімшілік хаттамаларды «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде аумақтық бөлімшелердің учаскелік инспекторлары толтырды.