Әлем 23 Мамыр, 2021

Филиппин мен Индонезия орналасқан аралықта қуатты жер сілкінісі болды

495 рет
көрсетілді

Филиппин елінен оңтүстік-шығысқа қарай Индонезияның Талауд аралдарының жағалауында күші 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Табиғи апат ошағы Филиппиндегі Давао қаласынан 265 шақырым жерден өтіп, эпицентрі 118 шақырым тереңдікте болды.

Цунами қаупі жарияланған жоқ.