Атырауда коронавирус жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың бесеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылыпты.
«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 524 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы 2098 төсек-орынның жүктемесі 24 пайызды құрайды. Ал жансақтау бөліміндегі 81 төсек-орынның 33,3 пайызы науқастармен толды. Жансақтау бөлімінде коронавирус жұқтырған 27 науқас ем қабылдауда», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.