• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Мамыр, 2021

Теміржолшылар екпе алды

256 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 18 788 қыз­мет­кері covid-19-ға қарсы екпе алды. Бұл туралы аталған кәсіпорынның баспасөз қызметі хабар­ла­ды.

Теміржолшылар ірі қалаларда да, тіпті шағын стансаларда да коронавирус инфекциясына қарсы екпені белсенді қабылдауда. Қарағанды жолаушылар тасымалы бөлімшесі бірінші класты Жарық стансасының ұжымы «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен портфельдік компания­лар арасында «Мен екпе алдым» акциясына қосылды. Осылайша, станса кезекшілері, пойыз және маневрлік диспетчерлер екпенің бірінші компонентін алды.– Ұжым екпені түсіністікпен қабылдады. Бүгінгі таңда вакциналау – коронавирус індетімен күрестегі жалғыз тиімді және қолжетімді құрал, – дейді станса бастығы Ғалия Жүнісова.Қостанай локомотив пайдалану депосының жөндеуді бақылау бөлімінің жас қызметкерлері ұжымдық имму­ни­тетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Жігіттер вак­цина алып, әріптестерін короновирусқа қарсы екпені қа­былдауға шақырды. Олар жаппай вакциналау ғана инфекцияның таралуын тоқтатуға, денсаулықты сақтауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті екеніне сенімді. Әдетте, вакциналау өндірістен қол үзбей, депо мен стансаларда жұмыс істейтін медициналық кабинеттерде жүргізіледі. Жалпы, компания қызметкерлерінің 70%-ын вак­ци­налау жоспарлануда.

«Егемен-ақпарат»