• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Мамыр, 2021

Учаскелік пункттердің орналасуына ерекше назар аударылады

209 рет
көрсетілді

Алдағы бес жылда елімізде жыл сайын 78 учаскелік полиция пунктін салу жоспарланған. ІІМ өңір әкімдерімен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдар жасады. Олардың қорытындыларымен Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев таныстырып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, учаскелік пункттердің орналасуына ерекше назар аударылатын болады. Қазір қалалық учаскелердегі жұмыс орындарының шамамен 30% қызмет көрсету учаскелерінен алыс орналасқан, кейде 2,5 км асады. Нәтижесінде азаматтардың көбінесе учаскелік инспекторға жеке бару мүмкіндігі жоқ. 

Сондықтан учаскелік инспекторлардың орналасқан жерлерін қызмет көрсетілетін учаскелерге барынша жақындату мәселелері пысықталуда.

Қазақстанда учаскелік инспекторлар штаты 5900 қызметкерден, сондай-ақ 600-ден аса көмекшіден тұрады.

«Қажетті әлеуметтік пакетті қалыптастыру кадрлық құрамның сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді, сәйкесінше қызметтің тартымдылығы да артады. Үздіктерді іріктеу үшін үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары, оның ішінде бос жұмыс орындарына орналасуға қойылатын талаптар артты. Сондықтан 2019 жылы учаскелік инспекторлардың еңбекақысы 25%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басынан бастап олардың көмекшілерінің жалақысы 30%-ға көбейді. Қазір учаскелік инспекторлардың еңбекақысының мөлшері 177 мыңнан 260 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар келесі жылдан бастап учаскелік инспекторлардың еңбекақысы тағы 30%, ал олардың көмекшілерінің еңбекақысы 7%-ға көтеріледі», деп атап өтті Баймұқашев өз сөзінде.

Сонымен қатар, 2019 жылдың шілдесінен бастап учаскелік инспекторларға тұрғын үй жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл тізімге учаскелік көмекшілер де енгізілді. 1 сәуірден бастап олар бұл тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді сатып алу үшін төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық несие беру арқылы пайдалана алады.