• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Мамыр, 2021

Әзербайжанда COVID-төлқұжаты енгізіледі

209 рет
көрсетілді

Әзербайжанда COVID-төлқұжаты енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтың 25 мамырда ұйымдастырылған брифингі кезінде Әзербайжан Респуликасы президентінің көмекшісі – президент Әкімшілігінің экономикалық мәселелер және инновациялық даму саясаты бөлімінің меңгерушісі Шахмар Мовсумов мәлім етті.

COVID-төлқұжат екі сертификаттан тұрады. Біріншісі – вакциналау туралы сертификат. Ол вакцинаның қос дозасын алғандарға беріледі. Екіншісі – иммунитет туралы сертификат. Бұл сертификат вирус жұқтырған және сауығып шыққан тұлғаларға беріледі. Екі сертификаттың да электрондық тексеру мүмкіндігі бар QR-код болады.

Президент көмекшісі адамда осы сертификаттардың бірінің болуы оған спорттық-сауықтыру нысандарына баруға мүмкіндік береді. Ал COVID-төлқұжаты жоқ адамдар әзірге бұл нысандарға бара алмайды. Шахмар Мовсумов сондай-ақ COVID-төлқұжат бастапқыда спорттық орталықтарда қолданылатынын атап өтті.

Алайда болашақта бұл құжат иелері басқа қызметтер – концерттер, театрлар, үйлену тойлары және өзге іс-шараларға бара алады.