• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2021

Оралда ауруханадан өрт шығып, науқастар эвакуацияланды

169 рет
көрсетілді

Орал қаласында аурухана жертөлесінен өрт шығып, 72 қызметкер мен 28 науқас эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 мамыр күні сағат 15.10-да Е.Орақбаев көшесі 12-мекенжайында орналасқан «Талап» АҚ клиникасында болды.

Өрт сөндірушілер жедел жеткен кезде жертөле түтінге оранып, электр қалқанының (10 шаршы метр) жанып жатқаны анықталды. Ауруханадан 72 қызметкер, 28 науқас эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» 15.46-да оқшауланып, 15.56-да толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 32 қызметкер 10 техникамен жұмылдырылды.