• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Мамыр, 2021

Зілтемірші Ақмолда Сайрамкез әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

172 рет
көрсетілді

Ташкенттегі ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында ел қоржыны кезекті медальмен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

67 келіде өнер көрсеткен Ақмолда Сайрамкез күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол қоссайыс нәтижесі бойынша 308 келіні басынан асырды. Бұл салмақ санатында Түркия өкілі Өзбек Фуркан қарсылас шақ келтірмеді. Ол 317 келіні бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал оның командаласы Генч Юсуф 301 келіні көтеріп, үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, аталған бәсекеде бұған дейін Қазақстан сапынан Алексей Дроздов күміс жүлде еншілесе, Абылай Әуелханов әлем чемпионы атанған еді.