• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2021

Қазақ газеттерін біріктіру жыл соңына дейін аяқталады – Аида Балаева

529 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінің бірігуі отандық БАҚ өміріндегі маңызды оқиға болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отандық БАҚ өміріндегі маңызды оқиға елдегі ең ірі басылымдардың – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда»-ның бірігуі болды. Осы жылдың соңына дейін «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ мен «Қазақ газеттері» ЖШС біріктіріліп, «Қазақ газеттері» бірыңғай брендімен жұмыс істейтін болады», деді Аида Балаева есеп беру кездесуінде.

Министр атап өткендей, бұл шаралар мемлекеттік басылымдарға бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ағымдағы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы – ең көне бұқаралық ақпарат құралдарының бірі Қазақ радиосының жүз жылдық мерейтойы. Бүгінде оның бағдарламалары бүкіл елде тыңдалады, радиохабарлармен қамту ел аумағының 90%-ын құрайды. Жақын арада еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында қазақ радиосының аудиториясын ашу және Орынбор қаласында мемориалдық тақта орнату жоспарланып отыр», деді Аида Балаева.