• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Мамыр, 2021

Ақпарат министрі жалған ақпаратпен күрестің қалай жүріп жатқанын айтты

410 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде елдегі БАҚ коронавирусқа қатысты жалған ақпаратпен қалай күрескенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«COVID-2019» ауруы Қазақстанда пайда болғаны туралы алғашқы фактілер тіркеле салып Сoronavirus2020.kz порталы іске қосылды. Бүгінде оған күн сайын 80 мың пайдаланушы кіреді. Осы сайттың Тelegram каналы жұмыс істеп тұр», деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, аталмыш Тelegram канал 240 мыңнан астам жазылушысы бар, елдегі ең танымал телеграм ресурстың біріне айналған.

«2020 жылдың шілдесінде Stopfake.kz сайтты іске қосу инфодемияға қарсы күресте уақтылы және қажетті қадам болды. Сайт ашылғаннан бері 1263 жалған ақпаратты теріске шығарды», деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.