• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Мамыр, 2021

Экологиялық жастар театры ашылады

605 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есеп беру кездесуінде Жастардың экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жастардың экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру – бүгінгі күннің өткір тақырыптарының бірі. Бұл бағытта, министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар легі атқарылып келеді. Биылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында ел бойынша 80 мыңнан астам жастар өкілін қамтыған «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы іске асты», деді Аида Балаева.

Министр бұл бағытта негізінен ақпараттық-ағарту жұмысына баса назар аударылатындығын айтты.

«Алдағы уақытта Экологиялық жастар театры мен арнайы YouTube-арна ашу жоспарда бар», деді министр.